28 нау, 2018 сағат 18:06

Тақ мұрагері уаххабизмді не үшін насихаттағандарын жайып салды

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Сауд арабиясының уаххабизм идеологиясын батыстағы одақтастарының қалауымен, Кеңес Одағының мұсылман елдеріне ықпалына қарсы тұру үшін таратқандарын жасырмады. Осылай дей келе, ол ендігі жерде Саудияның бұдан бас тартатынын мәлімдеді, деп жазады islam.kz порталы.

«Әл-Жазира» ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, Саудия 1979 жылы радикализм ел аумағында жайылғанға дейін саудиялық әйелдер автокөлік жүргізіп, кинотеатрларға барған. Одан кейінгі ұрпақ өркениеттің мұндай игіліктерінен қағылған. Уаххабизм идеологиясы кесірінен.

Сөз орайы келгенде айта кету керек, Саудияның қазіргі тақ мұрагері өзін реформатор ретінде көрсетіп жүр әрі батыс елдерінің қоддауына ие болып отыр.