08 қар, 2024 сағат 11:11

Таиландта мейрамханаға кездейсоқ үш миллион теңгеге жуық ақша төлеген ер адам іздестіріліп жатыр

Фото: Pexels.com

Танымал мейрамхана қызметкерлері кездейсоқ 200 000 баттан (шамамен үш миллион теңге) астам ақша аударып жіберген клиентті іздестіруде, деп хабарлайды thethaiger.com.

Мейрамхана Facebook парақшасында клиентке арнап хабарлама жариялады:

«Біз 3 қараша күні кешкі 7:50-де Neua Luan Luan мейрамханасының Ratchaphruek филиалында кешкі ас ішкен клиентті іздейміз. Клиент артық 2xx xxx бат сомасында ақша аударған. Егер сіз бұл хабарламаны көрсеңіз, бізге электрондық пошта арқылы немесе 095-527-8298 нөміріне қоңырау шалыңыз. Рақмет».


Жазба үлкен қызығушылық туғызып, көп адам клиентті табуға көмектесу үшін бөлісті. Кейбір қолданушылар әзілдеп, бұл қателікті клиенттің байлығынан байқамаған болуы мүмкін деп болжады.

Басылымның хабарлауынша, шоттың нақты сомасы 2020,91 бат болған, алайда клиент ақшаны аударған кезде, қателікпен 202 091 бат жіберіп қойған.

Мейрамхана қызметкерлері банктен көмек сұрап, мәселені шешуге тырысуда.