08 мау, 2021 сағат 16:04

Таиландта коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау басталды


Таиландта коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекетте, ең алдымен, Бангкок, Пхукет және оның маңындағы елді мекендердің тұрғындары егіледі. Елордадағы вакцинация орталықтарында күн сайын 70 мың адамға екпе салынады деп күтілуде. Болжам бойынша маусым айында елде иммундалған азаматтардың жалпы саны 6 млн-ға жетпек. Вакцинациялау науқаны жақсы нәтижелерді көрсеткен жағдайда, билік елге кірушілер үшін міндетті карантинді алып тастауға және екпе салдырған туристер үшін шектеулерді алып тастауға ниетті. 

Мальта коронавирустық инфекциямен күресте жеңіске қол жеткізуде. Өткен тәулікте елде соңғы 11 айда алғаш рет COVID-19 жұқтырудың бірде-бір жағдайы анықталған жоқ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Крис Ферне хабарлады. Ол отандастарын жауапкершілік танытуға және пандемиямен күресу үшін барлық қажетті шараларды сақтауды жалғастыруға шақырды. Мальтада ересек тұрғындардың жартысынан көбі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екі дозасын, төрттен үші - кем дегенде бір дозасын алған. 

Черногория ресейлік туристердің кіруіне қойылған шектеулерді алып тастайды. Атап айтқанда, енді ресейліктерге ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, Сербия, Косово, Босния және Герцеговина, Хорватия, Албания, Беларусь, Украина, Солтүстік Македония, Еуропалық Одаққа мүше елдер, Израиль, сондай-ақ COVID-19 қарсы егілген басқа мемлекеттердің азаматтары үшін енгізілген шектеулер алынып тасталды.