Фото:report.az
Cessna aircraft бизнес-реактивті ұшағы Бразилияның Убатуба қаласындағы Гастан-Мадейра әуежайындағы ұшу-қону жолағынан шығып, содан кейін қалалық жағажайда жарылды.Бұл туралы Ult.kz SHOT Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Оқиғадан жеті адам жарақат алды, оның ішінде жағажайда демалған адамдар да болды", делінген ақпарат көзінде.
Әуе кемесінің ұшқышын құтқару мүмкін болмаған. Бортта бес адам болғаны анықталды. Куәгерлер жолаушыларды құтқарып үлгерген, олардың көпшілігі балалар.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе апатының себебі ауа райының қолайсыздығы және жаңбырдан дымқыл ҰҚЖ болды.