Дүниежүзілік таеквондо федерациясы жарыс күнтізбесіне тағы да өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Нәтижесінде, халықаралық ірі жарыс өтпейтін болды. Атап айтқанда, биыл 21-23 тамыз күндері Малайзияда жоспарланған Malaysia Open халықаралық додасы өткізілмейді. Аталған турнир келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін.