Фото: Facebook/Данияр Ашимбаев
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев «АрселорМиталл Теміртауға» айтылған сын жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Әшімбаев елде басқа да жауапты ведомстволар бар екенін еске салды.
«Әрине, Миттал – нашар инвестор, бірақ әділдік үшін елде ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (қадағалау қызметі) және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау) бар екенін еске салу қажет. Әкімдіктерде өнеркәсіп және еңбек инспекциясы басқармалары бар. Бірақ ұлттық өнеркәсіптік қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы (Тау-кен өнеркәсібі қауіпсіздігі жөніндегі Шығыс ҒЗИ бұрынғы Қарағанды бөлімшесі) Үкімет тарапынан 2017 жылы таратылды. Сондықтан сұрақтар тек Митталға ғана қойылмауы керек», - дейді саясаттанушы.
Әшімбаев атап өткендей, Қармет шахталарымен бірге мемлекет меншігіне өтсе де, ертелі-кеш Үкімет оны басқа меншік иесіне береді және мемлекеттің өнеркәсіптік және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін бақылайтынына кепілдік жоқ.
Соңғы дерекке сай, Костенко шахтасында 33 адам қаза болғаны анықталды.