13 сәу, 2021 сағат 13:45

Суэц каналындағы оқиға: Сот контейнер тасымалдайтын кемені тәркіледі

Мысырдың Исмаилия қаласының экономикалық істер бойынша соты алты күн бойы Суэц каналын бұғаттаған Ever Given контейнер тасымалдаушы кемеcінің иесі 900 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс, деп хабарлайды Shorouk газеті.

Өтемақы сомасына Ever Given-ді қайраңнан шығару бойынша әкімшілік шығындары, кеменің жөндеу жұмыстарына, бұғаттау салдарынан каналға жұмсалған қаражат кіріп отыр. 

Өз талабында Суэц каналының әкімшілігі арнайы соттың шешімі бойынша кемені тәркілеуге рұқсат ететін теңіз саудасы туралы тиісті мысырлық заңға сүйеніп отыр.

23 наурыз күні 400 метрлік Ever Given контейнер тасымалдаушы ҚХР-дан Роттердамға жол тартқан бетте 151-ші шақырымда қайырлап қалған. Салдарынан каналды алты күн бұғаттап, ондағы қозғалысты тоқтатуға тура келді. 29 наурызда бірнеше әрекеттен кейін кеме қайраңнан шығарылды, операцияға 15 буксир қатысты, навигация қайта жанданды. Оқиға салдарынан өз кезегін күтіп қалған 422 кеменің соңғылары каналдан 3 сәуір күні өтті.

«Сот шешіміне сәйкес кеме тәркіленіп, соттың бақылауында болады, оператор компания Суэц каналының әкімшілігіне 900 миллион доллар өтемақы төлемейінше, оны пайдалана алмайды <...>», - деп хабарлайды басылым.