Суэц каналының басқарма басшысы Усама Рабиа қазіргі уақытта контейнер тасымалдайтын кеменің оқиғасы қайталанбас үшін кеме қатынасы каналын кеңейту мәселелері зерттеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Al Arabiya телеарнасы.
Суэц каналының дирекциясы Ever Green контейнер кемесі қате маневр жасаған, соның салдарынан кеме қатты ауытқып кеткен дейді. Жағдайды шаңды дауыл мен қатты жел ушықтырып жіберген.
Бұл факторлар канал жолының көрінуін нашарлатып, кеме қайырлап қалған. Алайда басқарма ауа райы факторлары төтенше жағдайдың негізгі себебі емес екенін айтты. Өйткені контейнерлік көлікке дейін канал арқылы дәл осындай ауа райы жағдайында шамамен 12 басқа кеме сәтті өткен.
Қазіргі уақытта Жерорта мен Қызыл теңізді байланыстыратын Суэц каналының жалпы ұзындығы – 193,3 км, тереңдігі – 24 м. Сол себепті канал арқылы ең ірі кемелер, соның ішінде мұнай құятын танкерлер де өтеді. Еске сала кетсек, Ever Given контейнерлік кемесі 23 наурызда Суэц каналының бір магистралды оңтүстік бөлігін жауып, таяз жерге тұрып қалған болатын. Кемені шығару үшін алты күн қажет болды. Соның салдарынан 400-ден астам кеме өте алмай тұрып қалды.