06 сәу, 2021 сағат 18:05

Суэц арнасындағы қозғалыс қайта жанданды

Суэц арнасындағы кеме қозғалысы аздаған үзілістен кейін қалпына келтірілді, барлық проблема жойылды. Бұл туралы сейсенбі күні Мысыр елінің су магистралі басқармасының дереккөзі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігі.

«Арна бойынша навигация Minerva Nike мұнай құюшы танкерінің техникалық ақаулары жойылған соң қалыпты режимде жалғасты. Қазіргі кезде қозғалыс тұрақты негізде жүзеге асырылуда, алаңдаушылыққа еш себеп жоқ», - деп хабарлады Мысырдың су магистралі басқармасынан.

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында Суэц арнасында ірі жүк кемесі тақырға отырып қалып, әлемде жүктемесі ең көп сауда бағдарларының бірін бұғаттады. Бұл жағдай тіпті тауарларды жеткізу тізбегіндегі дағдарыстың күшею қаупін тудырған.