Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Алматыда концерт беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Құрметті достар! Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл - менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім", - деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.
Әншінің жеке концерті 2022 жылғы 23 қыркүйекте өтеді.
"Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!", - деді Димаш.
Билет сатудың басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com-да жарияланады.
Қосымша сұрақтар бойынша төменде көрсетілген электронды мекенжайға жазыңыз: press@dimashnews.com