04 нау, 2021 сағат 23:05

Стенд атудан әлем кубогі: Қазақстан құрамасында тағы бір медаль

Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Трап» жаттығуы бойынша Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды. Алтын медаль Ресей, күміс Үндістан құрамасының еншісінде. Бұл жаттығу бойынша Қазақстан намысын Сәрсенкүл Рысбекова, Айжан Досмағамбетова мен Мария Дмитриенко қорғаған болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан командасы «скит» жаттығуы бойынша үздік үштік қатарынан көрінген еді. 

Сондай-ақ Сәрсенкүл Рысбекова Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.