09 нау, 2022 сағат 10:35

Starbucks пен Coca-Cola Ресейдегі қызметін тоқтататынын хабарлады


Америкалық Starbucks кофеханалар желісі Украинадағы жағдайға байланысты Ресей Федерациясы аумағындағы қызметін тоқтатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Starbucks бас директоры Кевин Джонсонның сейсенбі күні компанияның сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылған. 

Сонымен қатар Coca-Cola компаниясы Ресей Федерациясындағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған. 

«Coca-Cola компаниясы бүгін Ресейдегі қызметін тоқтататынын хабарлайды», - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Украинадағы жағдайға байланысты көптеген әлемдік компаниялар Ресей нарығынан кетіп жатыр.