21 қаз, 2022 сағат 11:09

SpaceX ұшақтарға арналған спутник интернетін ұсынды

Фото: Starlink

Илон Масктың SpaceX компаниясы ұшақ жолаушыларына арналған Starlink Aviation жоғары жылдамдықты спутник Интернет қызметін іске қосатынын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz агенттігі SpaceX веб-сайтына сілтеме жасап.

Starlink Aviation жобасының сайты әуе лайнерлеріндегі қосылу жылдамдығы секундына 350 мегабитке жететінін, бұл барлық жолаушыға бір уақытта ағындық интернетке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.


"Небәрі 20 миллисекунд кідіріспен жолаушылар бұрын рейстерде қолжетімді емес әрекеттерді, соның ішінде бейне қоңырауларды, онлайн ойындарды, виртуалды жеке желілерді және басқа да жоғары жылдамдықтағы әрекеттерді орындай алады", - делінген хабарламада.

Компания 2023 жылдан бастап бірқатар ұшақта ұшу кезінде жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге уәде береді.

Ұшақ бортындағы бағдарламаға қосылу үшін құны 150 мың доллар тұратын арнайы жабдықты орнату қажет болады. Абоненттік төлем айына 12,5 мыңнан 25 мың долларға дейін. Жабдықтар жиынтығын SpaceX сайтында 5 мың долларға брондауға болады, бірақ 2023 жылы жеткізіле бастайды.