04 шіл, 2019 сағат 17:54

"Современник" театры астаналықтардың жүрегін жаулап алды

Елорда күніне орай Мәскеудің "Современник" театры орыстың атақты классикасы - "Горе от ума" спектаклін Нұр-Сұлтанға алып келді, деп жазады Sputnik агенттігі.

Қойылымда басты рөлдерді Сергей Гармаш (Фамусов), Иван Стебунов (Чацкий), Владислав Ветров (Молчалин) сынды ресейлік театр және кино жұлдыздары сомдайды.

Көрермендер спектакльді асыға күтті

Спектакль алдында көрермен Ольга Бабкина классиканы қатты жақсы көретінін айтып, бұл жолы да зор үмітпен келгенін жеткізді.

"Мәскеуде "Современникке" барған едім, Сергей Гармаш басты рөл сомдаған "Пять вечеров" спекталін көрдім. Оны қатты жақсы көремін, классикалық қойылымдарға деген ықыласым ерекше. Қазір театрда классика аз қойылады. Авангардқа бет бұрған. "Современник" бұл спектакльді – "Горе от ума" – классикалық стильде қояды деп ойлаймын. Біріншіден, актерлердің шеберлігін көргім келеді. Мастер-класс болатын сияқты, деңгейі жоғары емес пе!", - деді Бабкина.

Ал Динара Рысқұлова болса, "Современниктен" үнемі тосын сый күтеді. Сондықтан ол қойылымды тамашалауға асығыпты. 

 

Көрерменнің көзінде "Современник" Грибоедовтың сюжетін қаншалықты сақтай алды деген сауал болды. Бұл сұраққа жауап алу үшін Римас Туминастың туындысын тамашалау керек. 


Көрермен қойылымнан қандай әсер алды?

Спектакльден литвалық режиссердің ерекше қолтаңбасын көруге болады. Отбасымен бірге қойылым тамашалауға келген Светлана Галаганова Туминастың "Горе от ума" қойылымы көңілінен шыққанын айтады. 

 

"Әр режиссердің өзінің көзқарасы болады. Бұл спектакль көңілімнен шықты. "Горе от ума" әрқашан өмірлік мәні бар қойылым болып қала береді. Біздің күнделікті өмірімізде болатын дүниелер баяндалады", - деді қойылымды тамашалап шыққан көрермен.