22 ақп, 2023 сағат 10:36

Сот Jusan Bank акцияларын бұғаттады

Фото: kz.kursiv.media

Сот First Heartland Securities компаниясына тиесілі Jusan Bank-тегі акцияларын бұғаттады, деп хабарлады Sputnik агенттігі Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

15 ақпандағы жағдай бойынша компания активетірінің жалпы құнының (131 291 843 акция) 67,58 процентіне тыйым салынды.

Бұған дейін Бас прокуратура Jusan тобына бақылау үлесін Қазақстанға қайтаруға мүдделі екенін мәлімдеді. Қадағалаушы органға "Назарбаев қорынан" арыз түскен. Оған сәйкес, Jusan шетелдіктердің иелігіне өтіп кеткен.

Ал Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі Бас прокуратураның азаматтық сотқа түсірген талабы банк клиенттерінің ақшасына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.