08 ақп, 2021 сағат 11:26

Соңғы 3 жылда 110 мыңнан астам қазақстандық көлік жүргізу құқығынан айрылды

Соңғы 3 жылда 110 мыңнан астам қазақстандық көлік жүргізу құқығынан айрылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінде шамамен 9 мың планшет бар. Ол ішкі істер органдарының базасына, Бас прокуратураның «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» жүйесіне қосылған. Жол жүрісін қадағалайтын әрбір қызметкер осындай планшеттермен қамтамасыз етілген. Осыған орай жол қозғалысын қадағалау барысында жүргізуші куәлігі берілгенін және көліктің тіркелгендігін тексеру аталған планшеттер арқылы жүзеге асырылады», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта планшет көмегімен жүргізушінің кім екендігін, жүргішуі куәлігінің бар-жоғын, жарамдылық мерзімін, көлк құралы туралы мәліметтерді тексеруге болады. 

«Патурльдік полиция жүргізуші кулігінің жарамдылық мерзімін тексереді. Бізде жүргізуші куәлігі 10 жылға беріледі. Сонымен қатар жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырылғаны не айырылмағындығы және криминалдық есепте бар-жоғы тексеріледі. Соңғы 3 жылда 110 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық бойынша көлік жүргізу құқығынан айырылған», - деді Серік Түсіпов.