22 там, 2022 сағат 12:46

Солтүстікте күн жылиды - синоптиктер болжамы


"Қазгидромет" РМК 23-25 тамыздағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, бұл солтүстік өңірлерде күннің жылынуына әсер етеді.

"Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт әсер етеді. Күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп және тұман түседі", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • күндіз батыста +30+35 градус,
  • солтүстік-батыста +23+33 градус,
  • республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25 градустан +23+30 градусқа дейін,
  • орталықта +15+22 градустан +20+31 градусқа дейін,
  • шығысында +13+21 градустен +20 +28 градусқа дейін көтеріледі,
  • елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32 градус,
  • оңтүстік-шығысында +20+28 градус.