Қазгидромет мамандары 10, 11 және 12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклон ықпалында қалады, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады.
"Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17...28 градус аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранға ұласады, елдің оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ, фронталь бөліктердің Қазақстан аумағы арқылы өтуіне байланысты жел екіпіні 23-28 м/с дейін күшейеді", - делінген хабарламада.