Белгілі саясаттанушы Мақсат Жақау Facebook-тегі парақшасында Алматы шаһарындағы кешегі қасіретті күндер туралы һәм сол тұста лаңкестер қолымен жасалған тәртіпсіздіктерге қатысты өз ойын бөлісті. Ұлт порталы осы өзекті жазбаны оқырман назарына ұсынғанды жөн санады.
***
Свобода - это не право выбора между добром и злом,
а право защиты от зла.
Илья Шевелев
Кешегі қаңтар оқиғасының ақыры лаңкестік әрекеттермен аяқталып, елдің жүрегінде біраз уақытқа дейін жарасын салып кетті. Қазақтың байырғы сөздерінен - «біз не көрмедік, пілді де, зілді де көрдік» дегеніне, міне, енді елімізде лаңын салған содырлардың озбырлығын да көріп отырмыз.
Ұлты мен отаны жоқ бұл лаңкестіктің обьективтік бағасын беруде еліміздің ең жоғарғы сот үкімімен іріп-шіріген идеологияның тамырынан қырқып отырудан басқа, бұл нәлетке қарсы амалымыз бар ма? Әрине болашақ ұрпағымыздың ертеңін ойласақ, ойландырар мәселе көп...
Сонымен, жуырда құқық қорғау органдарының аталған оқиғаның зардаптарын сан жүзінде есебін естідік. Өте ауыр қабылдадық.
Мақұл, Димаш Ахметұлы Қонаевтың кезінде салынған ғимараттардың орны толар, дүкендердің сөрелерінің тауарлары қалпына келер. Бірақ бір ғана лаңкестіктің еркін жүріп көшелерімізде тайраңдағанын көз алдымызға елестетсек, бұл саналы қадамдарға еріп кеткен жастардың, оларды оңай бұзақылық пен тонауға еріксіз эмоциямен тартқан әрекеттерін - қоғам болып уайым жеуімізді талап етеді.
225 шейіт болған адамның өмірі қиылған оқиғада қару қолданылды, көлік өртенді, аймақтарда әкімдіктер бірінен соң бірі басып алынды.
Ең сұмдығы, халықтың арасында жүрген содырларды анықтап, біртіндеп көздерін жою мүмкіндігіне бармағымызды тістеп қалдық. Әйтпесе, мемлекеттік нысанды қорғаған сарбаздар мен полиция соны білмейді емес. Оқ атса, бейбіт тұрғындарға тиіп кетеді, сонысымен салы суға кетіп, лаңкестер билеп кеткен дүрбелеңнің насырға шабуы орын алды. Әттең, оқ ата алмай, жыланның басын ала алмай қалды ғой...
Бұл жерде ақиқатын айту керек, мына қырылған санда, негізінен сол біздікілердің көздеген содырлары тұр. 1347 қаруды жеті қару сататын дүкендерден иеленген нәлеттердің өте кәсіби дайындықпен келгені болып отыр.
Олардың дүкен тонағанға қатысуын былай қойғанда, басты мақсаттары болып - қару-жарағы көп полиция бөлімдерін, басқармаларын басып алу тұрды. Тек, құр сөз шығындамай, батыл қадаммен қайсарлықпен қорғаған полициялық күштердің (кей сәттерде 5 сағаттап) қарсылығымен жүрді. Кейін естігенімізше, моргтердегі осы шабуылға қатысқандардың тек бастарынан тесілген оқтың орындарын көп байқалыпты. Жаралы қылу аздық, барынша содырлардың көзін жою дұрыс. Қорқынышты ма, әрине ойланатын мәселе...
«ВДВ своих не бросает» деуші еді десанттар, дәл осылайша, бұл содырлардың өз ұстанымдары бар екені анықталды. Шейіт болған әріптестерінің - «нөкерлерінің» мүрделерін моргқа жеті рет шабуылдап, 47 денесін алып шыққаны, тіптен қызық. Сонда, бұл патшағарлар нағыз соғыс алаңында жүргендей сезінгені ғой. Яғни, бұлардың соғыс алаңы анау айтқандай, майдан даласы емес, қарапайым бейбіт жұрттың арасы болып тұр. Қандай адамдар сонда бұлар? Жиіркенішті.
Ең өкініштісі, оңды-солды атқан лаңкестер, полиция мен сарбазға оғы тисін-тимесін, әйтеуір қаңғыған оғы қарапайым тұрғынға, балаға, итке тисе де бәрібір болғандығында. Бұдан түсінгеніміз, бұлардың қоғамда үрей туғызу ниеті болғаны анық.
Құдайға шүкір, Ауғаныстандағы талибан не Сирия мен Ирактағы ДАИШ келмеді, олар келсе, көшенің ортасында өз заңдарын орнатып, қанжарларымен кінәлінің басын алған көріністер өрбіп кетер еді. Бетін ары қылсын, оған жеткізбеді.
Дәл солай, жеткізбеді! 4-5 қаңтардан кейін бізді шындығында не күтіп тұрғанын ешкім де білмеді. Егер де биліктің дер кезіндегі шешімі, етек-жеңін жиып алған полиция мен әскердің білекке сенген қатты қолы болмағанда, сұмдықтың қандай көкесі боларын кім білсін?
Ұлттық Ұлан сарбаздарының, полиция мен әскери қызметтегі, ұлттық қауіпсіздіктегі қызметкерлердің, жас курсанттардың ерліктері, кәсіби қимылдары, антына берік сенімдері болмағанда - қаңтар оқиғасы осы күндері кешегі тарихқа кетпес еді.
Бұл жерде «ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ері болмас» еді. Қаңтар оқиғасында ерлікпен қаза тапқандарға қайғыра көңіл айту имани парызымыз, жарақаттанып, зардап шеккендерді қолдау азаматтық міндетіміз ғой.
Қаңтар оқиғасынан алар сабағымыз көп. Бастысы билік пен қоғамның, құқыққорғау қызметі мен азаматтардың арасында - өзара сенім, бірлік, ортақ мүдде болу керектігін көрсетті. Осы құндылықтарға берік болайық!