05 там, 2020 сағат 10:06

Снежанна Имашева жануарларды қорғауға қатысты заң жобасына пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірлеудің қажеттігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген осы заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр.

Бұл құжат Үкіметтің қарауында.

«Біраздан бері жануарларды қорғауға қатысты қоғамда үндеу жасалып келеді. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі пікірлер де жарияланып келеді. Олардың барлығы жануарларға қатысты қатыгездікке тыйым салатын тиісті заңнаманың жоқтығын атап өтті. Бізде жауапкершілік пен қылмыстық жаза қарастырылған. Атап айтқанда, тиісті заң жобасын мамандар, сарапшылар ұсынған еді, алайда бұл бағыттағы қадамдарда ілгерілеу болмады. Сондықтан қоғамдағы үндеулерді ескере отырып, әріптестерімізбен осы заң жобасына бастамашы болу шешімін жасадық», - деп түсіндірді депутат онлайн режимде өткен талқылауда.

Оның атап өтуінше, заң жобасы ұзақ талқыланды. 

«Бұл өте сапалы құжат. Ондағы қағидалар ұзақ талқыланғанын атап өткен жөн. Құжат нұсқасы тиісті талаптарға сай болғандықтан, әріптестеріміз оған бастамашылық етті. Менің ойымша, Үкімет заң жобасына қолдау білдіретін болады», - деді Снежанна Имашева.