09 мау, 2021 сағат 22:56

Smart City Accelerator алматылықтардың стартаптарын 30 маусымға дейін қабылдайды


Алматы – өңірдегі инновациялық технологиялар орталығы, мұнда 2622 АТ-компаниялар (ҚР-ның 40%) орналасқан, электронды сауда көлемі 551 млрд. теңгеге жетеді. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 9 маусымда өткен кезекті тікелей эфир барысында айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 

Әкімнің айтуынша, цифрландыру тетіктерінсіз мегаполисті басқару мүмкін емес. Еліміздің әрбір екінші ІТ-маманы Алматыда тұрады және қала тұрғындарының 95%-ы онлайн-сервистерді пайдаланады.

«Astana Hub» Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп «Smart City» тұжырымдамасы бойынша қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптар үшін акселерация бағдарламасын іске қостық деген . «Astana Hub" АT-стартаптар халықаралық технопаркінің бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Талғат Бакушев цифрландыру жобасы туралы айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Smart city немесе "Ақылды қала" бастамасы аясында қалалық ресурстар мен қызметтерді басқаруды жетілдіру бойынша жұмыстар жүруде.Әзірленген акселерация бағдарламасы стартаптарды қолдауға бағытталғанын әрі қаланың инфрақұрылымының дамуына әсер етеді», - деді Талғат Бакушев. 

Жоба идеясы өткен жылы 65 компаниялармен арадағы ынтымақтастықтан соң пайда болды, олардың 32-сі стартаптар. Алматыда жас мамандармен бірге АТ-жобалардың бірнеше қосымшалары КВИ-19 індетіне қатысты проблемаларды шешуге ойдағыдай ықпал етті. Осылайша, қолайлы қалалық ортаны құруға бағытталған «Smart City Accelerator» жобасы пайда болды.

"Біздің жаһандық мақсатымыз, қалалық өзекті мәселелерді жоя отырып, жаңа цифрлық өнімдер пайда болатын бизнес ортаны құру. "Astana Hub" стартаптар мен әкімдік арасындағы нұсқаулықтың бір түрі. Бізге қала бойынша тиімді АТ-шешімдерді енгізетін жобалар қажет. Жобалардан кейін 4 ай ішінде стартаптардың шешімдері қала әкімшілігімен келісімшартқа отыруға және өз жобаларын бүкіл қала бойынша енгізуге дайын болатындай деңгейге дейін жетілдіреді. Бүгінде біздің бағдарламаға кәсіби командалардан, оның ішінде шетелдік компаниялардан 12 пікір келіп түсті, », - деді Талғат Бакушев. 


Оның айтуынша, ұсыныстар мен стартаптар қаланың қауіпсіздігі, ТКШ, денсаулық сақтау, туризм индустриясы, ақпараттандыру, білім беру, көлік, қаланы, үйлерді басқару, экология, энергетика, құрылыс салалары бойынша бағыттайды. Ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін әлеуетті компаниялардан өтінімдер қабылдайды. Бағдарламаның өзі 3 айға (25 шілдеден 25 қазанға дейін) созылады.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Әкімнің цифрландыру тетіктерінсіз мегаполисті басқару мүмкін емесін айтқан болатын. Еліміздің әрбір екінші ІТ-маманы Алматыда тұрады және қала тұрғындарының 95%-ы онлайн-сервистерді пайдаланады.Осы орайда, «Astana Hub» Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп «Smart City» тұжырымдамасы бойынша қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптар үшін акселерация бағдарламасын іске қосты.