31 шіл, 2022 сағат 09:51

Скриптонит Алматыдағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады - видео


Скриптонит лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында концерт берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол өз кешін бір минут үнсіздікпен бастады.

"Концертті қаңтар оқиғасы кезінде және Украинада қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен бастағым келеді, - деді рэпер.

Айта кетейік, Скриптонит 2021 жылы ресейлік Apple Music-те "Жыл әртісі" деп танылған болатын.