10 қар, 2020 сағат 13:30

СҚО-да «Лишенник» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Лишенник» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеді. Бұл күндері жүргізушілік тәртіпті нығайту және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік жүргізу фактілеріне жол бермеу жөніндегі жұмыс күшейтілді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, аталған бес күн ішінде облыста жүргізу құқығынан айырылған адамдардың көлік жүргізуінің 46 фактісі анықталған.

Ұсталған жүргізушілердің көпшілігі мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғандар болып отыр. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мұндай құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізушіге үш жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынған болатын. Биылғы жылы заңнамамен жаза қатаңдатылды, енді олар мас күйде көлік жүргізгені үшін 7 жыл көлік құралын басқара алмайды. Сондай-ақ, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жүргізу куәлігінен айырылады.

Әкімшілік ықпал ету шаралары жүргізушілерді тәртіпке шақыра бермейтінін фактілер көрсетіп отыр. Мұндай жол қозғалысына қатысушыларға ҚР ӘҚтК 612-бабында көзделген жаза қолданылады. Бескөл ауылының 49 жастағы тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды. Ол мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылса да рөлге отырған.

Мәселен, 14 қараша Шал ақын ауданы ПБ  патрульдік полиция қызметкерлерімен далалы жолда Сухорабовка а. 30 жасар тұрғынының масаң күйде көлік құралын басқару фактісі анықталды.

Медициналық куәландыру актісі жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екендігін көрсетті.

Ол 2018 жылы Ақмола облысының Бурабай аудандық сотымен үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен. Алайда бұл оқиға оған сабақ болмаған сияқты. Заңды елемей ол рөлге қайта отырған.

2020 жылғы қаңтардан ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді: 346-баптағы қылмыстық теріс қылық санаты құқық бұзушылық санатына өзгертілді. Заңды қатаңдату, ішімдікке тойып алып, рөлге отыратындардың тарапынан  адамдардың өміріне қауіп төндірумен тікелей байланысты.

2020 жылғы қыркүйекте ауылдық Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық сотының шешімімен ҚР ҚК 346-бабының 1-б. өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Енді міне, екі ай өтер-өтпестен қайта ұсталды, тағы да масаң күйде...

Шал ақын ауданының тергеу судьясы күдіктіге қатысты екі айға қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ол ұсталып, Шал ақын ауданының ПБ УҰИ қамалды. Осы және басқа да көптеген жағдайлардан өзге де жол қозғалысына қатысушылардың да, кәмелетке толмаған балалары бар өз отбасының алдында да жауапкершілікті сезінбейтін үрдіс байқалады. Жыл басынан ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне  69 материал енгізілді. Екі қаскөй құқық бұзушыға қатысты «қамаққа алу» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Лишенник» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеді. «Бұл күндері жүргізушілік тәртіпті нығайту және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік жүргізу фактілеріне жол бермеу жөніндегі жұмыс күшейтілді. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, аталған бес күн ішінде облыста жүргізу құқығынан айырылған адамдардың көлік жүргізуінің 46 фактісі анықталған.