29 шіл, 2021 сағат 14:00

СҚО-да Ішкі істер органдарында бос орындар бар, талап та күшейген


Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіне жедел уәкілдердің, тергеушілер, анықтаушылар мен учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына білікті мамандар қажет. Бұл туралы полиция департаменті өкілдері әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы хабар таратты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Петропавлдық той ұйымдастыру ісімен шұғылданатын Фархат Тастанов әскери салада қызмет еткісі келеді. Ол үшін қандай талаптар бар, не істеу керек екенін жуырда аталған эфир арқылы біліпті.

«Әр ер азаматтың арманы әскери адам болу, Ішкі істер органдарында қызмет ету деп ойлаймын. Тіпті жігіттер мұны бала кезден қалайды. Біздің жаратылысымыз солай болса керек. Өзім әскерге барғанмын. Үш жыл келсімішартпен әскери қызмет те атқарғанмын. Соңғы кезде басқа салаға кетіп, қазіргі таңда әскери сала мен тәртіпті сағынып та жүрмін. Оралсам деген ойымды, осы тікелецй эфир қуаттандырып отыр. Құдай қаласа, күз мезгіліне қарай, әрекет ететін боламын», - деді Фархат.

Иә, аталған эфир барысында мамандар ведомстводағы бос орындар жайлы және үміткерлерге қандай талаптар қойылатындығын түсіндірген. Бүгінгі таңда облыстық полиция департаментінде 2 мыңнан аса полицей қызмет етеді. Бүгінгі таңда жедел уәкілдердің, тергеушілер, анықтаушылар мен учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына білікті мамандар қажет. Сондай-ақ қатардағы құрамға да қызметкерлер керек.

«ІІО қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар: жасы 35-ке дейін, қыздар үшін бойы 160 см-ден, жігіттер үшін бойы 170 см кем емес болуы қажет (саптық бөліністерге үміткерлер үшін бойы 175 см жоғары болуы тиіс). Қатардағы құрам лауазымына орта білім, ал жоғары білім – қызмет бағытына байланысты басшы лауазымына талап етіледі. Сондай ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің уәкілетті органымен берілген тестілеуден өтуі туралы сертификат, денсаулығы бойынша жарамды (әскери-дәрігерлік комиссия айқындайды) болуы қажет», - деді  Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Руслан Тасимов.

Сондай-ақ, қолданушылары бастапқы оқудан өту және полиция қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру жұмыс беруші есебінен жүзеге асырылады. Бұл туралы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Темиреев айтып берді.

«Тәртіп сақшылары тұрақты еңбекақымен, нысанды киім-кешекпен, сауықтыру жәрдемақысымен қамтамасыз етіледі. Қызметкерлер қызмет бойынша өсіп, ведомстволық емдеу мекемелерінде медициналық көмекке жүгіне алады. Сондай-ақ тұрғын үйді жалға алатын болса, өтемақы төленеді. Алайда, полицейлерге қойылатын талаптар да жоғары. Полицей заңнаманы жетік білуі тиіс, шыныққан, денсаулығы мықты болуы қажет», -деді Полиция басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Темиреев.

Осылайша, облыстық және қалалық кадр бөліністерінің өкілдері жарты сағаттан аса желі қолданушыларына ішкі істер органдарына қызметке қабылдау және өткеру тәртібі бойынша ақыл-кеңес берді. Спикерлердің айтуынша, стреске төзімді болу, өзін-өзі үнемі жетілдіру – барлық үміткерлер мен полиция қатарында қызмет атқарып жүрген полицейлер үшін аса маңызды қасиет. Бүгінгі таңда, жедел бөліністер мен учаскелік инспекторлар қызметінде бос лауазымдар көп. Ең азы – жедел емес қызметтер мен штаб бөліністерінде.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіне жедел уәкілдердің, тергеушілер, анықтаушылар мен учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына білікті мамандар қажет. Бұл туралы полиция департаменті өкілдері әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы хабар таратты. Бүгінгі таңда облыстық полиция департаментінде 2 мыңнан аса полицей қызмет етеді. Бүгінгі таңда жедел уәкілдердің, тергеушілер, анықтаушылар мен учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына білікті мамандар қажет. Сондай-ақ қатардағы құрамға да қызметкерлер керек.