"Қазгидромет" Қазақстандағы 5,6 және 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады.
"Циклонның әсерінен бұл аймақтарда жауын-шашын, желдің күшеюі, түнде көктайғақ болады. Иран облыстарынан республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына жылы ауа массаларының тасымалдануы күтіледе, олармен бірге жаңбыр жауады. Ал таулы аймақтарда найзағай күтіледі, бұл аймақтарда термометрлер +20...+28 градусқа жетеді", - дейді мамандар.