19 ақп, 2021 сағат 19:32

Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 20 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 11-16, кей жерлерде 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендейді.

Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сонымен қатар, тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 10-15, солтүстікте 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. 

Түркістан облысының таулы аймақтарда қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, таулы аймақтарда 30 м/с және одан жоғары болатыны болжанады. Күндіз ауа температурасы - 21-26, кей жерлерде 11-16 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал. 

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с артады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 

Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-28 м/с артады. Ауа температурасы 2-7 градус жылы, кей жерлерде 2-7 градус аяздан 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді. 

Сондай-ақ синоптиктер Түркістан мен Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты 20 ақпанда тау бөктерлерінде су ағыны болып, өзендер арналарынан асатынын ескертуде.