Ауа райының бұзылуына байланысты 5 облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, күндіз 16 қыркүйекте және тәулік бойы 17 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің күші 23-28 м/с артады.
Петропавл қаласында 16 қыркүйек күні күндіз және 17 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен жел соғады. 17-сі күні жылдамдығы 23-28 м/с жететіні күтіледі.
Сондай-ақ 16 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с артады.
16 қыркүйекте Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
16 қыркүйек күні күндіз Ақмола облысының жекелеген аумақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Көкшетау қаласында желдің екпіні - 15 м/с болады.
Осы күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с күшпен жел соғады.
Сонымен қатар, 15-17 қыркүйек аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде жауын-шашынның, кей жерлерде қатты жаңбырдың күтілуіне байланысты су деңгейі көтеріліп, тау бөктерінен су ағады.