03 мау, 2022 сағат 13:08

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды


Қазгидромет 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болмақ.

"Жаңбыр жауады. 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан, батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25 градустан 20-33 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағаны 15-26 градусқа дейін жылы, республиканың оңтүстігінде 27-37 градусқа дейін жылы болады, ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында температура 22-32 градусқа дейін көтеріледі.