03 шіл, 2019 сағат 16:19

Синоптиктер алдағы үш күн ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 4-6 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қазақстанның батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауғызған биіктегі циклон Батыс Сібірге баяу жылжып, толығады. Тропосфералық ағындар ендікке ауыса бастайды, яғни ауа массалары Атлантикадан келеді. Сондықтан, солтүстік облыстарда әлі де біраз уақыт жаңбыр жауады. Ал республиканың оңтүстік облыстары жоғары атмосфералық қысымның әсерінде болады.

Солтүстік облыстарда орташа көпжылдық мәнге жуық ауа температурасымен жылы ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары деп болжанғанымен, 40 градустық ыстық болмайды.