Қазгидромет мамандары 11-13 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында аяз болады.
Солтүстік-батыста кезекті антициклонның жылжуына байланысты алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде күн суытады. Бұл өңірлерде түнгі уақытта сынап бағанасы 15-25 градусқа дейін төмендейді.
Тек оңтүстік өңірлерде әлі жылы болады – оларға оңтүстік циклон әсер етеді. Оңтүстікте ауа температурасы өте қолайлы болады деп болжанды.
Ірі қалалардағы ауа райы
Алматыда 11 желтоқсанда күн ашық, түнде -5°C, күндіз +6°C жылы болады. 12 желтоқсанда күн бұлттанып, ауа температурасы түнде 0°C, күндіз +6°C көрсетеді.
13 желтоқсанда күн ашық, түнде -3°C, күндіз +3°C жылы.
Нұр-Сұлтанда 11 желтоқсанда күн ашық, түнде -11°C, күндіз -5°C болады. 12 желтоқсанда күн бұлтты, түнде -15°C, күндіз -9°C болады. 13 желтоқсанда елордада күн бұлтты болады, түнде -19°C, күндіз -14°C болады.
Шымкентте 11 желтоқсанда күн бұлтты, түнде +3°C, күндіз +10°C болады. 12 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде -1°C, күндіз +7°C болады.
13 желтоқсанда Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1°C, күндіз +6°C көрсетеді.