11 мам, 2018 сағат 10:15

Синоптиктер алдағы 3 күнге ауа райы болжамын ұсынды

Мамырдағы шуақты және жылы ауа райы күрт өзгереді. Күн суытып, жаңбыр жауады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райынан кейін жаңбыр жауып, кей жерлерде күшті екпінді жел соғады. Найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы төмендегенімен климаттық норма шегінде болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде  2 градусқа дейін суытады.