29 мау, 2019 сағат 07:02

Синоптиктер 29 маусым күні ауа райы қандай болатынын айтты

«Қазгидромет» РМК мамандары 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Дауыл, шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктің кей аймақтарына тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, 25 м/с жылдамдықпен еседі. Шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлеріне түнде тұман түседі. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен қабаттасып, 15-20 м/с дейін күшейеді .

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды. Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.     

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.