«Қазгидромет» РМК 13 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 17-22 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғып, күші 15-20 м/с артады. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 18 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Павлодар облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші күндіз 25 м/с жетуі ықтимал. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанады. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі ауданында қатты жаңбыр күтіледі. 13-15 маусымда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. 13-15 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.