Ежелгі жазба дерек көздерінің барлығы дерлік, соған сәйкес бүкіл әлем тарих ғылымының ортақ тұжырымы Шыңғыс ханның шыққан тегі Түріктің ежелгі Қият, Бөржігін руларынан екендігін айтады. Демек, бізге қалып тұрғаны, бар-жоғы осы рулардың қайдан шыққанын анықтау.
Шыңғысханның тегі Қазақ. Қазақтың ана тілін білетін жандарға бұл тұжырым дауға жатпауға тиіс. Иісі қазақ мұны күні кешеге дейін білетін. Жалпы тарихаттан ажырау және оны мойындамау кез-келген елді мәңгүрттікке апаратын тіке жол. Айналамыздағы кейбір көрші елдердің бізің ұлы тарихымызға қызыға да, қызғана да қарайтын себептері осы.
Жалпы бүкіл әлем тарихындағы ең сенімді дереккөз Атам Қазақтың рулық шежіресі болып табылады.
Шыңғысханды қазақ деп айтуымыз үшін, міндетті түрде атамызды 105 таңбалы (105 рулы)
қазақтың бір руынан шыққандығын дәлелдеуге тиіспіз. Егер біз мұны істей алмасақ, атамызды қазақ деп атауымызға ешқандай құқығымыз болмайды.
- Атамыздың тегі Қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені даусыз. Аспандағы ай менен күн қандай ақиқат болса, Шыңғыс қаған атамыздың тегі қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені де сондай шындық.
- Қазақ (Қазақ қаған, бүкіл әлемді билеген ұлы патша). Қазақтан үш бала: Ақарыс (ұлы жүз), Жанарыс (орта жүз), Бекарыс (кіші жүз).
Түсініктеме: Ақарыс – Аға арыс (ағасы), Жанарыс – Жан (Жаңа) Арыс (ортаншысы), Бекарыс – Кіші жүз, деп аты айтып тұрғандай қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі болып табылады.
Ағарыс – Үйсін, Жанарыс – Арғын, Бекарыс – Алшын руларының айналасына топталған, яғни осы үш жүзге кіретіндер өздерінің тегін осы рулардан таратады.
Бекарыстан алты ата Әлім, Жетіру және Он екі ата Байұлы қосылып 25 тақта (25 таңбалы) кіші жүзді құрайды.
Байұлынан - Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Есентемір, Шеркеш, Таз, Тана, Жаппас, Ысық, Беріш, кенжесі Адай.
Адайдан екі бала – Құдайке (Ад-гу), кішісі Келінберді (Ад-лу).
Құдайкеден екі бала – үлкені Тәзіке, кішісі Қосай.
Келінбердіден алты бала – Құнанорыс (Рысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау (Жеменей), Тобыш, кенжесі Мұңал.
Мұңалдан - Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы.
Сонда Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді.
Адайдан – Келімберді – Мұңал - Жаулы - Жары - Мұрат (Кеще) - Шортық - Бұхар - Құрым - Сүйіндік - Тұрнияз - Айытқұл – Қиян болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 67 бет).
Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.
Осы шежіре деректерінің төмендегідей бұлтартпас топономикалық айғақтары бар:
- Адайдан - Қап (Кавказ) тауының ең биік шыңдарының бірі Адай шыңы, Мұңалияда (қазіргі Моңғолия) Адай атты көл, Адай атты өзен;
- Мұңал мен Жарыдан - Арал мен Қас би (Каспий) теңізі ортасында Мұңалжары (Мұғаджар) тауы;
- Мұңалдан - Шыңғыстаудың ең биік шыңы Мұңал шыңы; (Көңіл аударайық, Шыңғыстаудың ең биік шыңына Атасының аты қойылған).
- Мұңалдан – Алтайдағы Мұңал (Моңғол) даласы;
- Мұңалдан - қазіргі Монғолия мемлекеті;
- Шыңғыстан - Сарыарқа да Шыңғыстау деген тау;
- Жарыдан - тіпті сонау Америка құрылығының Амапа жерінде де Жары атты өзен, Жары атты көл бар. Өзіміздің елде де Жаркент (Жары қаласы), Жарбұлақ (Жары бұлақ), Жартас, Жарқұм, Жармыш, Жарма, Жарысу, Жарқұдық (Жары құдық), Жарты, Жаршеке (тау), Жарауыл, Жарын, Жарбөгет, Жарас атты топонимдер толып жатыр. Осы атаулардың барлығы дерлік Маңғыстауда орналасқан.
Мұңал-Жары руы Манқыстауда Адай халқының үлкен бөлігін құрайды. Себебі, Манқыстауда «Жарының мал іздегендері де бір үй толтырады», «Жары көп пе, тары көп пе», «Таяқ лақтырсаң Жеменейге тиеді, егер Жеменей бұғып қалса Жарыға тиеді» деген сөздер ежелден айтылып келеді;
- Бұхардан - Бұхара қаласы (қазіргі Өзбекістан жерінде);
- Шыңғыс қағанның арғы аталары Қаралардан (Түпқараған (Қарағантүп, Қараған түбек), Қараман Ата (бейіт, қорым, алқап), Қарақия (ойпат), Қарамандыбас (ежелгі шумерлер (маялар) өздерін Қарабастар деп атаған – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);
Құрымнан – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);
- Мұңалдан – Қияннан (Қият) – Қарақия (Қара Қия); Қият деген көптеген рулар мен қалалар;
- Қияннан – Қиян (алқап), Қиянды (шатқал), Қияқты (тау) (Маңғыстауда).
- Шортықтан – Шорым атты жер атауы (Маңғыстауда).
Осы рулардан қалған топономикалық атаулар әлем картасында өте көп. Оның бәрін жазатын болсақ, оған арнайы кітап арнау қажет болатыны сөзсіз.
«Тарихи құжаттар бойынша Шыңғысханның атамекенінде Бұрқан, Түрген, Жаркент деген жерлердің бар екені нақты жазылған. Осы үш жер аты да Жетісудың Жаркент жерінде ертеден бүгінге дейін сақталып келеді» (Т.Ә.Тыныбайын Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, шыңғысхантанушы, тарихшы, аудармашы).
Түсініктеме: Жаркент – Жарылардың кенті. Жары өздеріңіз көріп отырғандай Шыңғысхан шыққан рудың аты.
Бұрхан – Бөрі хан деген мағына береді. Бөрі мен қасқыр синоним. Бөрі (Көк бөрі) Алшынның балама атауы.
Түрген – Түрік кенті. Түрген мен Түрік «Түр» деген бір түбірден. «Ген» мен «Кен» де солай. Ал Түрік дегендегі «Ік»-ке келсек, бұл Түрік жігі деген мағына береді. Мысалы, Ақ Кетік – Кете жігі, Бөрік - Бөрі жігі.
Шыңғыс ханның руын Бөржігін, яғни Бөрі руының баласы деп атайтындары осыдан. Бөржігін деген жер атауы Маңғыстауда күні бүгінде де бар.
Бүкіл әлем елдері ғалымдары және ақыл-есі дұрыс Қазақ баласымен толықтай мойындалған ақиқат, топономикалық жер, су, тау, елді мекен атаулары ең сенімді дерек көзі болып табылады. Мұны ешбір жан баласы теріске шығара алмайды.
«Қиат – ру аты, о баста Қиан дегеннен шыққан, ол моңғолша таудан құлап, тез ағатын су дегенге келеді, ал қиат – соның көпшесі, яғни соңғы «т» дыбысы көптікті білдіреді» (Әбілғазы «Түрік шежіресі». Бұл бүгінгі тіл ғылымы (лингивистика) саласының түсінігіне де қайшы емес. Өйткені «т» дыбысының орал-алтай тілдерінде бір кезде көпшелікті білдіретін қосымша болғанын түркітанушы ғалымдар жете дәлелдеген.
Ғалымдарда Қиян мен Қият бір ұғым, бірінің орнына бірі қолданыла береді деген тұжырым қалыптасқан. Ақиқатында, Қия-ға жалғанған «Н» менен «Т» бір дыбыс емес.
«Н» дыбысы ежелде де, қазірде де «баласы, ұрпағы» деген мағына да, қазіргі «ов пен евтердің» орнына қолданылған. Мысалы, Балықшы Сақ Ғұн – Баласағұн, Сарыны баласы – Сарин, Алтынсарының баласы – Алтынсары, Нұралин, Нұртазин, Майлин, Мұстафин, Мамин, Карин т.т. болып кете береді.
Ал «Т» дыбысы, тек қана толып-толысты дегенді білдіреді. Ежелгі қазақтардың барлық дүниені тоғыз-тоғызбен есептейтіні осыдан. Мысалы, Ұлт – ұл (бала) толысып, ұлтқа айналып тұр, сүт – су ағарып, сүтке айналған, өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған, жылт – көрінді де жоқ болды т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.
Осы «Н» мен «Т» дыбыстарын сөйлету арқылы Қиян мен Қияттың тегін айна қатесіз анықтай аламыз. Себебі, Қиян деген ру аты Адайдың рулық жүйесінен өзге шежірелердің ешқайсысында жоқ. Бола да алмайды. Себебі, адамның тегі көп адамнан емес тек қана бір атадан тарайды. Ал Қиятты барлық ежелгі рулардың ішінде бар десе де болады. Қият көпше мағына береді. Қияттар Қиянның толып-толысқан ұрпағы.
Адай шежіресінде, ең алғаш Қияннан бөлініп Қият атанғандарда бар. Олар «Адай – Келімберді – Мұңал – Бәйімбет – Сабытай – Медет – Құл – Батыр – Қият» болып таратылады. (Маңғыстау энциклопедиясынан 1997 жыл).
Тарих тағлымы: Бүкіл ғаламды алсаңда, қаншама байлық жисаңда бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең абыройлы парызы болып табылады. Бұл парызға соңғы екі мыңжылдықта Шыңғыс ханнан артық адал болған адам жоқ.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
Ұлт порталы