Шымкенттегі 10216 әскери бөлімінде қызмет ететін аға сержант Тұрар Төлегенов «Бейбітшілік жауынгері» халықаралық конкурсына қатысатын болды. Команда құрамына кірген Төлегенов үздіктердің қатарында болу үшін жылдар бойы тер төккен, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Белгілі болғанындай, сайысқа Төлегеновпен бірге алты адам іріктеліп, таңдалған.
«Біз армиялық ойындарға қатысатын үздік үміткерлер қатарында болу үшін көп күш жұмсадық. Әрқайсымыз жеңіске жетуге бел будық. Бұл әскери бөлімшенің ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатын абыройлы сайыс. Сондықтан ел ішіндегі іріктеуге де, Арменияда өтетін сайысқа да бар күш жігерімізді салып, дайындалдық. Оңай болған жоқ, дегенмен біз, әскери мамандар кез келген нәрсеге машықтанған, дайындықтан өткен кәсіби мамандармыз», – дейді Тұрар Төлегенов.
Сайысқа қатысатын алты адам Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында Армиялық халықаралық ойындардың «Бейбітшілік жауынгері» конкурсына қатысу үшін әскери қызметшілерді соңғы іріктеуден таңдалған. Аталған конкурс биыл Арменияда өтеді.
«Қатысушылардың дене бітімі жақсы дамыған болуға және штаттық қаруды меңгеріп қана қоймай, сахнада өзін еркін сезінуге тиіс. Біздің команданың бас жүлде үшін күресте барлық мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Мықты мамандарды іріктеп алдық. Енді олардың өзін қайта даярлап, конкурсқа жібереміз. Бұл еліміздің абыройы үшін болатын үлкен конкурс, сондықтан ешқайсымыз бұған бейжай қарамауымыз керек», – деп атап өтті сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы дайындық бөлімінің бастығы шебер-сержант Павел Шишкин.
Іріктеу жарыстары алдымен әскери бөлімдерде, одан кейін өңірлік қолбасшылықтарда және Қарулы Күштер түрлері деңгейінде өткізілді. Құрама командаға кіру құқығы үшін келісімшарт бойынша үздік әскери қызметшілер сайысқа түсті. «Бейбітшілік жауынгері» – армиялық ойындардың ең қызықты, жан-жақты, әрі күрделі конкурстарының бірі.
«Біз конкурстың бес кезеңнен тұратынын білдік. Онда әскери қызметшілер тек кәсіби шеберлігін ғана емес, сонымен қатар өзінің дарынын, шығармашылық қабілетін, сондай-ақ әскери тарих және гуманитарлық құқық саласындағы білімін көрсете отырып, сайысқа түседі. Біздің командаға таңдалған алты азамат та мықты мамандар. Біз тек жеңістің тұғырынан көрінуге бар күш-жігерімізді салатын боламыз», - аға-сержант Тұрар Төлегенов.
Айта кетейік, қазақстандық команда «Бейбітшілік жауынгері» халықаралық конкурсында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Оларға тоқталатын болсақ, 2016 жылы Ресейде әскери қызметшілеріміз жалпыкомандалық үшінші орын, 2017 жылы Беларусь елінде – екінші орын алса, 2018 жылы Арменияда өткен конкурста жеңімпаз атанды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттегі 10216 әскери бөлімінде қызмет ететін аға сержант Тұрар Төлегенов «Бейбітшілік жауынгері» халықаралық конкурсына қатысатын болды. Команда құрамына кірген Төлегенов үздіктердің қатарында болу үшін жылдар бойы тер төккен. Ал сайысқа қатысатын алты адам Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында Армиялық халықаралық ойындардың «Бейбітшілік жауынгері» конкурсына қатысу үшін әскери қызметшілерді соңғы іріктеуден таңдалған. Іріктеу жарыстары алдымен әскери бөлімдерде, одан кейін өңірлік қолбасшылықтарда және Қарулы Күштер түрлері деңгейінде өткізілді. Құрама командаға кіру құқығы үшін келісімшарт бойынша үздік әскери қызметшілер сайысқа түсті. «Бейбітшілік жауынгері» – армиялық ойындардың ең қызықты, жан-жақты, әрі күрделі конкурстарының бірі. Аталған конкурс биыл Арменияда өтеді.