03 мам, 2020 сағат 16:20

Шымкентте коронавирустан бесінші науқас қайтыс болды

Шымкент қаласында коронавирустан бесінші науқас қайтыс болды. Бұл туралы сoronavirus2020.kz сайтының Telegram арнасы хабарлады. Науқас туралы әзірге мәлімет айтылмады. 

Қазақстанда коронавирустан барлығы 27 адам қайтыс болды. Жексенбі күні түсте Қарағанды облысында 1958 жылы туған ер адам қайтыс болған. Дәрігерлер оның пневмонияның ауыр түріне шалдыққанын айтты. 

Ресми мәлімет бойынша, 3 мамырда кешке қарай коронавирус жұққан тағы 36 адам анықталған. Алматы қаласында - 7, Маңғыстау облысында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Атырау облысында - 2, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында - 5, Жамбыл облысында - 2, Түркістан облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында 9 адамға вирус жұққан.

Барлығы 3913 адамға вирус жұққан. 1000 адам жазылған.