19 нау, 2024 сағат 16:56

Шымкентте әкімнің экс-орынбасарына қатысты сот процесі өтіп жатыр

Фото: otyrar.kz


Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары сот алдына келді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 


Бұл ақпаратты Шымкент сотының баспасөз қызметі растап, бұрынғы шенеунікке қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігі "Пара беру" бойынша іс сотта қаралып жатқанын айтты. Ресми мәлімет бойынша, іс бойынша басты сот 12 наурызда басталған.


Айта кетейік, Мақсұт Исахов 2023 жылы 20 шілдеде ұсталған болатын. Тергеу барысында ол қамауға алынды. Бұған дейін тергеу органдары оқиғаның егжей-тегжейін жарияламаған болатын.


Белгілі болғанындай, Мақсұт Исаховқа қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталған.