Индонезия мен Шығыс Тимордағы су тасқыны мен көшкін салдарынан 157 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.
Индонезияның табиғи апаттарды жою агенттігінің хабарлауынша, аралдарда мерт болғандар саны 130-ға жеткен, ал Шығыс Тиморда 27 адам көз жұмған.
Reuters дүйсенбі күні жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, 113 адам Шығыс Тимор мен Индонезиядағы апат құрбаны болғанын хабарлаған болатын.