«Қазақстан билігі осы дүйсенбіде өз өндірісіндегі Covid-19 препаратымен халықты жаппай вакциналауды бастағанын мәлімдеді», деп жазады Швейцарияның swissinfo.ch басылымы.
ҚазАқпарат оқырман назарына осы материалдың аудармасын ұсынды:
«Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac ұлттық вакцинасын алғашқылардың бірі болып алды», - делінген ведомство хабарламасында.
Министрдің вакцинациясы теледидар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді. Препараттың алғашқы партиясын - 50 000 дозаны Қазақ ғылыми-зерттеу институтының биологиялық қауіпсіздік проблемалары бөлімі шығарды. Кейіннен өндірісті айына 500 000-600 000 дозаға дейін арттыру күтілуде.
Биліктің айтуынша, қазақстандық вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары 2020 жылдың мамыр айында, коронавирус пандемиясының басталуынан екі ай өткен соң басталған. Кейінгі сынақтар, жергілікті БАҚ-та жарияланған нәтижелерге сәйкес, белсенді емес вируспен дайындалған. QazVac 96% тиімділігін көрсетті.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан осы елдегі вакциналардың бір бөлігін орау туралы Түркиямен келіссөздер жүргізуде, ал оңтүстік-шығыста Жамбыл облысында жаңа зауыт салынуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда COVID-19-дан 362 000-нан астам ауру және 3315 өлім тіркелген. Орталық Азиядағы ең ірі елдің тұрғындарын ресейлік Sputnik V препаратымен вакцинациялау 1 ақпанда басталды және бүгінгі күні 900 мыңға жуық азамат иммунизацияланды. 2021 жылдың соңына дейін Қазақстан алты миллион адамға вакцина егуді жоспарлап отыр.