09 сәу, 2021 сағат 06:20

Швейцарияда қарт адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады

Швейцариялықтар арасында дәріханалардан тегін алуға болатын Covid-19 экспресс-тест көп қолданылуда, деп хабарлайды Euronews.

Ай сайын оларға өзін-өзі тестілеудің бес жинағы ұсынылады. Бағдарлама наурыздың ортасында бастау алды. Цюрих қаласында алғашқы күндердің өзінде өзінде 100 000-нан астам тест жасаған. 

«Үйіңде өз бетіңше жасай алатының жақсы. Жеке тестінің аса мағынасы жоқ екенін білемін, дегенмен барлығы жасап жатса, пайдасы болар», - дейді Цюрих қаласының тұрғыны.

Осылайша Швейцария билігі жағдайды өзгертіп, шектеулерді шешу процесін тездетуге тырысты. Халықты осылай тестілеу кампаниясы 1 млрд швейцария франкіне бағаланды. Нәтиже оң болған жағдайда, ПТР тапсыру керек. 

Сонымен қатар Швейцарияның денсаулық сақтау министрлігі 65 жастан асқан адамдарға вакцина салынып жатқанын хабарлады.