06 там, 2020 сағат 09:53

Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Урс Шмидті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін У. Шмидке ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы оған жоғары деңгейдегі байланыстарды қарқындату мен екі ел арасындағы сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған белсенді қызметі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Елші саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелердің барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді екі жақты қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.