27 мам, 2021 сағат 18:28

Шри-Ланка жағалауында қауіпті жүк тиелген сингапурлық кеме өртеніп жатыр


Шри-Ланка суларында, Коломбодан 14 миль жерде, Сингапурдың жалауын көтерген X-Press Pearl контейнер кемесіндегі 20 мамырда басталған өрт жалғасуда. Кеме бортында сыйымдылығы 25 тонналық азот қышқылы, пластмасса және химикат толы 1486 контейнер бар, деп хабарлайды Daily Mirror газеті.

Басылымның хабарлауынша, Үндістанның жағалау күзетінің үш кемесі, Шри-Ланка Әскери-теңіз күштерінің бір кемесі және бірнеше жеке кеме жалынды оқшаулауға тырысуда. Өрт сөндіруге арналған материалдар әскери тікұшақтан X- Press Pearl кемесіне тасталуда. Бұған Еуропадан сәрсенбіде жеткізілген арнайы техника қолданылып жатыр. Билік жергілікті балықшыларға теңізге шықпауға кеңес берді. 

Жүк тасушы кеме әлемдегі ең ірі жалпы мақсаттағы жүктерді таситын теңіз тасымалдаушыларының бірі X-Press Feeders компаниясына тиесілі.

25 адамнан тұратын X-Press Pearl экипажындағылар эвакуацияланды. Олардың ішінде Ресей, Үндістан, Қытай және Филиппин азаматтары бар. Daily Mirror газетінің хабарлауынша, екі теңізші ауруханаға жатқызылды.

Контейнер кемесіндегі өрт 20 мамырда басталған. Бір күннен кейін қатты желдің әсерінен кемеде өрт күшейе түсті. Салдарынан X-Press Pear бортында жарылыс болып, корпусы бөлшектеніп кетті.