Шотландияның Килмарнок қаласында белгісіз біреудің жасаған шабуылы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.
Полицияның хабарлауынша, 4 ақпанда 39 жастағы әйелге Килмарноктағы Crosshouse ауруханасының автотұрағында шабуыл жасалған. 24 жастағы екінші әйел Портленд-стритте ауыр жараланып, көп ұзамай көз жұмды. Кейіннен қала шетіндегі жол-көлік оқиғасының салдарынан 40 жастағы ер адам мерт болған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мәлім еткендей, жүргізілген тергеулер оқиғалардың бір-бірімен байланысты екенін көрсетті. Қылмыскер суық қаруды қолданып, қаланың әртүрлі бөліктерінде адамдарға шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.
«Офицерлер тергеу амалдарын жалғастырып жатқандықтан, бірқатар елді мекен қоршауға алынды. Біз оқиғаның мән-жайын толық растау үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деді полиция бастығы Супт Фарок Хуссейн.