06 нау, 2021 сағат 00:06

Шорт-тректен ӘЧ: Мадина Жанбосынова жартылай финалға шықты

Нидерланды Дордрехте қаласында шорт-тректен 2021 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік біріншіліктің алғашқы күнінде әйелдер арасында 1500 м қашықтыққа ширек финалдық сайыстар өтті. 

Аталған бәсекеде қазақстандық Мадина Жанбосынова 2:35.856 көрсеткішімен өз тобында үшінші болды. Нәтижесінде, жартылай финалға жолдама алды.

Әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша жартылай финал мен финалдық бәсекелер 6 қазан күні өтеді.