06 нау, 2021 сағат 04:36

Шорт-тректен ӘЧ: Екі қазақстандық жартылай финалға өтті

Нидерландының Дордрехт қаласында шорт-тректен 2021 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 500 және 1500 м қашық бойынша іріктеу кезеңдері өтті. Аталмыш дистанцияларға қатысқан қазақстандық қос атлет сәтті өнер көрсетті. 

Атап айтқанда, 500 шақырымды Денис Никиша 41.537 уақытта, Әділ Галиахметов 40.708 уақытта бағындырып, 1/4 финалға жолдама алды. 

1500 метрлік дистанцияны Денис Никиша 2:14.093 уақытта, Әділ Галиахметов 2:22.407 уақытта жүріп өтті. Енді олар жартылай финалдық бәсекеге қатысады.