#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Шілдеде еңбек нарығындағы ахуал түзеледі - Нұрымбетов

  • 02.06.2020
  • 0
  • 262

Осы жылдың наурыз-сәуір айында елімізде 4 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты еңбек нарығындағы ахуал күрделі болды. Наурыз-сәуір айларында болжам бойынша табыссыз, жұмыссыз қалған азаматтар саны 4 миллионнан астам болды. 20 сәуірден бастап карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға дейін төмендеді деп болжап отырмыз. Үкімет тарапынан экономиканы жаңғырту, бизнесті қолдау, оның ішінде жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңінен көздеу нәтижесінде шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу мүмкін деп санаймыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды деңгейі 6,1 пайызды құрауы ықтимал.

«Жалпы биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған экономиканы, бизнесті қолдау шараларының барынша жұмыс орындарын сақтап қалу мүмкіндігі және барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті толығымен пайдаланылатын болады. Оның ішінде жаңа Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 255 мың жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде жол картасына кірген 6,5 мың жобаның 5 300 жобасы басталып, 103 мың жұмыс орнына 91 мың адам тартылды. Оның 35 пайызы – жастар», – деді Біржан Нұрымбетов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар