17 мау, 2020 сағат 10:11

Шілде айында Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Шілде айында республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты норма шегінде болады деп күтілуде. Орташа көпжылдық мәндерден аз жауын-шашын мөлшері елдің тек оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде), орталықта (Қарағанды облысы және Балқаш көлінде) және Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстік аумағында ғана жауады» - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Шілденің әрбір он күнінде қысқамерзімді суық толқындар болжанады. 

Жауын-шашын, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі: 

елдің солтүстік жартысында түнде + 7 + 12°С, күндіз + 17 + 23°С-қа дейін; 

оңтүстікте түнде + 13 + 18°С, күндіз + 25 + 30°С дейін. 

Шілдеде Қазақстанның солтүстік аймақтарында температура +25+33°С, ал оңтүстікте +30+35°С болады. 

Бірақ кейбір күндері оңтүстікте термометр +35+45°С-қа, ал солтүстікте +30+38°С-қа дейін айтарлықтай көтерілуі мүмкін. 

Синоптиктердің болжауынша, шілдеде елдің барлық өңірінде ыстық болады.