13 нау, 2021 сағат 10:04

Шетелден ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

12 наурызда Қазақстанға халықаралық авиарейстермен 3 599 жолаушы келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағына Италия, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді. 

3 599 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 326 адам, анықтамасыз 273 адам келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 030 жолаушы, анықтамамен - 1 892, анықтамасыз - 138; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 260 жолаушы, анықтамамен - 1 160; анықтамасыз - 100; 

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 26 жолаушы, анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 136 жолаушы, анықтамамен - 101; анықтамасыз - 35.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырды және карантин стационарында нәтижесін күтеді.

Айта кетерлігі, 11 наурызда шетелден анықтамасыз келген 631 Қазақстан азаматының ПТР талдауының нәтижесі бойынша төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Мәскеу– Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы бір жолаушы Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.