#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Шетелден келгендер 2 тәулікке стационарда оқшаулануы керек - Бас санитар дәрігер

  • 24.05.2020
  • 0
  • 173

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың бекіткен қаулысы бойынша, Қазақстанға шетелден келетін барлық адам 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантин стационарында оқшаулануы керек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыға сәйкес, елге кіретін жерде шектеу іс-шаралары қабылданды. 

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімі, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына Қазақстанға шетелден келетін барлық адамды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз ету тапсырылды. 

Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдар да екі тәулікке оқшауланады. 

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдар үйде 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулауға жағдай болмаса карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Бұл ретте бұл адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды. 

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде оқшауланады. 

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайда оқшаулау ұсынылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар