03 сәу, 2021 сағат 13:39

Шетелден келген жолаушылар бұдан былай сауалнаманы электронды форматта толтырады

Шетелден келген жолаушылардан сауалнама алу цифрлық форматқа көшеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімет таратты. 

«Шетелден келген жолаушыларға сауалнама жүргізу. Қазір сауалнама қағазға толтырылады, бұл рұқсат етілмейді. Біз оны цифрлық форматқа ауыстырамыз. Веб-ресурс қолжетімді болады, онда қолданушы сауалнаманы алдын ала толтырады. Осыған ұқсас жоба Мальдив аралдарында да сәтті жүзеге асырылды» деп жазды министр Facebook парақшасында.